Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды
Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды
Фото: tolqyn.kz
332
оқылды

Депутаттар 1 қарашада қайтыс болған Темірхан Досмұхамбетовті бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Еске алу алдында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин марқұм жайлы естелік сөз айтты.

"Еліміздің дамуына орасан зор үлес қосқан нағыз бірегей тұлға Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовті көбіңіз танисыз. Көрнекті мемлекет қайраткері. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің бастауында Елбасымен бірге болғандардың бірі. Ол әр түрлі салада қызмет етті. Бір кездерде Туризм және спорт министрі, елорда әкімі болды, Ұлттық Олимпиада комитетін басқарды. Ол заң шығару саласындағы қызметін 12-шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестен бастап, кейін Парламент Мәжілісінің депутаты да болды. Марқұм қай жерде жұмыс істесе де тамаша нәтижелерге қол жеткізді», - деді Мәжіліс төрағасы. Ол соңғы кезде Темірхан Досмұхамбетовтің ауыл шаруашылығымен табысты айналысып жүргенін айтты. Спикердің сөзінше, марқұм қайраткер өмірінің соңына дейін басқарған «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік холдингі бүгінде Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал өндіріс орнына айналған.

"Ол шынымен де өте жауапты тұлға еді. Шынайы, еліміздің нағыз патриоты болды. Барша депутаттық корпус атынан отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз», - деді Нығматулин.

Нұрболат АДЫРБЕК,

Алматы