Жамбылдықтар Түркістанға көш түзеді
Жамбылдықтар Түркістанға көш түзеді
468
оқылды

Биыл 12-13 қараша күндері Жамбыл облысының Түркістан облысындағы мәдени күндері өтеді.

Осыған орай,  «Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» атты керуен жолға шықты.    width=  width= Бұдан бөлек, облысымыздың мәдени күндері аясында өңірлік  кітапханалардың «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы – жарқын Жамбыл өңірі» атты кітап экспозициясы,  Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тараз – Ұлы даланың көне шаһары» тақырыбындағы жылжымалы көрмесі және  К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздары мен облыстан шыққан эстрада жұлдыздарының гала-концерті түркістандықтарға ұсынылатын болады.    width=   Ал А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры «Жамбылдың қызыл жолбарысы» қойылымын сахналайды.    width=

Міне, осылайша көрші екі өңір арасында мәдени һәм рухани байланыс беки түсуде.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы