Ресейде ПТР тесттің жарамдылық мерзімі қысқарды
Ресейде ПТР тесттің жарамдылық мерзімі қысқарды
Фото: azattyq-ruhy.kz
242
оқылды

Ресей билігі адам ағзасында коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР тесттің жарамдылық мерзімін қысқартты, – деп хабарлайды 24.kz.

Енді ПТР тест қорытындысы бұрынғыдай 72 сағатқа емес, 48 сағат қана жарамды болады. Бұл туралы Ресей тұтынушылар құқықтарын қорғау қызметінің басшысы Анна Попова мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім әлемде жаңа штамның таралуына байланысты қабылданған.
Қазір ел шекарасында шетелдік жолаушылар қатаң тексеріледі. Шетелден оралған Ресей азаматтары әуежайда тест тапсырып, 2 апталық карантин талабын сақтауы тиіс. Ресейде Omicron-ды жұқтырудың дерегі тіркелмеген.

Бұған дейін Қазақстан-Ресей шекарасындағы ұзын-сонар кезек туралы жазған болатынбыз.