Тойдағы төбелес: бір адам қайтыс болды – видео
Тойдағы төбелес: бір адам қайтыс болды – видео
Фото: vedtver.ru
489
оқылды

Оқиға Алматы облысының Шарын ауылында болды. Үйлену тойында қонақтар өзара төбелесіп, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Той 12 желтоқсан күні Шарын ауылындағы мейрамханада өткен. Тойға келген қонақтар жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан. Пышақ жарақатын алған 26 жастағы тұрғын қайтыс болды.

«Ұйғыр АПБ-ға түнде аудандық орталық ауруханадан хабар жеткен. Дәрігерлер 26 жастағы ауыл тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болғанын айтқан. Полицейлер күдіктіні ұстады. Қамауға алды», – деді департамент өкілі.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ?? АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)