Алматының әкімі қайда жүр?
Алматының әкімі қайда жүр?
Фото: news.bigmir.net
201
оқылды
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала әкімі қазір қайда және немен айналысып жатқанын айтты. "Әкім жұмыс істеп жатыр, бүгін Сағынтаев барлық ұйыммен қала өмірін қалыпқа келтіру бойынша жиналыс өткізді. Әкімдік ғимараты қирап, өртенген. Өрт сөндірілді. Ғимаратты тексеру бойынша қажет жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде, залалды анықтау мен жөндеу жұмыстары бойынша қажет шаралар қабылданып жатыр. Бұл жұмыстар біртіндеп жүргізіледі", – деді әкімнің орынбасары. Ол қаладағы жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар басталғанын жеткізді. «Белсенді фаза өткеннен кейін біз қосымша ғимаратқа көшетін шығармыз. Алматы әкімі ешқайда кеткен жоқ, ол қалада. Алғашқы күннен бастап жұмыс істеп жатыр, штаб әкімнің басқаруында", – деді Бабақұмаров.