Бүгін Президент тікелей эфирде жаңа Үкімет басшысының кандидатурасын ұсынады
Бүгін Президент тікелей эфирде жаңа Үкімет басшысының кандидатурасын ұсынады
Фото: adilettv.kz
194
оқылды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жиынына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды. Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді», – деп жазды Берік Уәли.