520 литр лицензияланбаған алкоголь өнімдері тәркіленді
520 литр лицензияланбаған алкоголь өнімдері тәркіленді
333
оқылды

Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері құрамында спирт бар өнімдерді, сондай-ақ акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерін сату және сақтау фактілерін анықтады.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері лицензияланбаған алкоголь мен темекіні қаланың қақ ортасынан, Бостандық көшесіндегі қоймалардың бірінен тапты.  Тексеру барысында тауар облыс орталығының 36 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды. Нәтижесінде 520 литр алкоголь, сондай-ақ 259 блок темекі тәркіленді.    width= Сараптама тағайындалды. Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Рустам Садуловтың айтуынша, аталған өнімнің иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-тармағы бойынша материал жиналды. Бұл бап бойынша жеке тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген.

Бұл - жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері тәркілеген лицензияланбаған алкогольдің ең ірі партиясы.