Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соғып, итін ұрлап кеткен тұрғын ұсталды
Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соғып, итін ұрлап кеткен тұрғын ұсталды
Фото: ПД-нен алынды
254
оқылды

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соғып, итін ұрлап кеткен тұрғын ұсталды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 5 қаңтар күні Ұлттық ұланның сарбазы, ефрейтор Рүстембек Байқарашев жаппай ереуіл кезінде жарақат алып, Найтс атты итін жоғалтып алды.    width=

«Шабуыл жасаған адамдар басымнан ұрды. Есеңгіреген сәтімді пайдаланып, қарғы бауы қолымда тұрған иісшіл итімді алып кетті», – дейді Байқарашев.

Жедел іздестіру нәтижесінде, ұры Алматы облысында ұсталды. 1989 жылы туған А. есімді тұрғынның ауласынан сарбаздың иті табылды. Қазір ұсталған тұрғынның ереуіл кезінде болған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бұған дейін Алматыда Француз үйін тонағандар арасында жүкті әйелдер де бар екенін жазған болатынбыз.