Шикізатқа сеніп, экономиканы жан-жақты дамыта алмадық – Президент
Шикізатқа сеніп, экономиканы жан-жақты дамыта алмадық – Президент
Фото: yandex.kz
221
оқылды

Мемлекет басшысының айтуынша, сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалдық.

«Кейінге көз сала отырып, шартты түрде екі экономикалық бетбұрысты бөлек айтуға болады. Біріншісі, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Қазақстан күрделі күйзелістер және шығындар арқылы ауыртпалықты, бірақ қажетті реформалар жүргізе отырып көтеріле, бейімделе алды», – деді Президент.

Өзгерістерді қаржыландыру кеңестік жүйеден мұра болып қалған мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру есебінен жүзеге асырылғанына да тоқталды. «Сол іргетаста отандық кәсіпкерліктің жаңа санаты өсіп шықты. Екінші бетбұрыс 2000 жылдардағы шикізаттық суперциклмен байланысты. Экономика жаһандық процестерге бейімделе алды, шетелдік инвесторларға жағдай жасалып, бұл елге мол қаражатты, бірінші кезекте өңдеу және банк салаларына тартуға мүмкіндік берді. Бұл қаржы Қазақстан экономикасына тұрақтылық әкелді. Әлеуметтік бағдарланған мемлекет қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Бірақ, біз сыртқы әл-ауқаттың арқасында сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалдық. Біз трансформацияда ұтқыр бола алмадық. Сапалы түрлену мұндайға қарсы түрлі топтардың мүддесімен бетпе-бет келді. Нәтижесінде, біз әртараптандырылған экономика құра алмадық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент бір күндік жалақыны «Қазақстан халқына» аударудың қажеті жоқ екенін айтқан болатын.