Алматыда кран құлады: көз жұмған машинистің кім екені белгілі болды
Алматыда кран құлады: көз жұмған машинистің кім екені белгілі болды
258
оқылды

Алматы әкімдігінің берген мәліметінше, қайғылы оқиға "Таугүл-1" шағын ауданында сағат 10.40 кезінде болған. «Мирас Констракшн» ЖШС мердігерлік ұйымы ЖК Star Rent компаниясынан кранды жалға алған.

Мерт болған краншы - осы техниканы жалға беруші компанияның жұмысшысы.
"Марқұм 1973 жылы туған Майнов Б.С. деген азамат. Ол кран құлаған сәтте ауыр жарақат алып, жедел жәрдем көмегі жеткенше көз жұмды", - деді әкімдіктегілер.
Алдын ала дерек бойынша, кран құрылысы дұрыс жұмыс істемегендіктен құлаған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Еске салсақ, Алматыдағы құрылыс алаңында кран құлап, бір адамның көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.