ЭКО-ны бір емес, бірнеше рет жасатып, әрең дегенде бала көтергенім бар – Айгүл Мүкей
ЭКО-ны бір емес, бірнеше рет жасатып, әрең дегенде бала көтергенім бар – Айгүл Мүкей
724
оқылды

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей ЭКО арқылы сәбилі болғанын айтты. Бұл жайында Instagram парақшасында жариялағанын Nur.kz хабарлады.

– 2000 жылдары экстракорпоралды ұрықтандыру жайында репортаж дайындап, осы бағытты біраз зерттеген едім. Медицинаның осыншалықты дамығанына таңдандым. Содан осы арқылы бала көтермек болдым. Тіпті ЭКО-ны бір емес, бірнеше рет жасаттым. Ақырында мақсатыма қол жеткіздім, – дейді ол. Бүгінде Айгүл Мүкей – үш баланың анасы. Үлкен ұлы Асанәлі экстракорпоралды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген.  width=