Әйгілі баскетболшы мен қызына ескерткіш орнатты

Әйгілі баскетболшы мен қызына ескерткіш орнатты

Биыл әйгілі баскетболшы Коби Брайанттың өмірден өткеніне екі жыл толды. Күні кеше даңқты спортшы мен оның қызы Джианна қайтыс болған жерде ескерткіш орнатылды.

Ескерткіште «Лейкерс» жидесіндегі Брайант қолына доп ұстаған қызына мейірлене қарап тұр. Еске сала кетейік, 2020 жылы 26 қаңтарда баскетболдан NBA-дің бес дүркін чемпионы,  41 жастағы Брайант пен оның 13 жастағы қызы Джианна Мария апатқа ұшырады.

Оқыс оқиға спортшының Калифорниядағы кезекті жаттығуына жеке тікұшағымен бара жатқанда болды. Апат кезінде баскетболшымен бірге тағы 7 адам көз жұмды.