Жоғарғы оқу орнының үздік 150 ұстазы 6 млн теңгеден алды
Жоғарғы оқу орнының үздік 150 ұстазы 6 млн теңгеден алды
432
оқылды

Алматыда Қазақстанның үздік ЖОО оқытушыларын марапаттау шарасы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Отырар" ғылыми кітапханасында өткен шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысып, үздіктерді марапаттады. "ЖОО үздік оқытушысы 2021" байқауына 78 жоғарғы оқу орнынан 718 үміткер қатысқан. Солардың ішінен 45 ЖОО-ның 150 ұстазы аталған марапатқа лайық деп танылған. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы иеленді. Бұл шамамен 6 млн теңге қаржы. – Бұл – үлкен мәртебе, маңызды атақ. Ұстаздардың қоғамда алатын орны ерекше. «Адамның адамшылдығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, әділетті қоғам, мықты мемлекет болу үшін және жаңа Қазақстанды құруда ұстаздардың орны бөлек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауының арқасында білім және ғылым саласында үлкен оң өзгерістер болып жатыр. Соның ішінде әсіресе, педагогтардың статусын көтеру бойынша кешенді шаралар іске асырылып жатыр, – деді марапаттау алдында сөз сөйлеген елдің бас педагогы Асхат Аймағамбетов. Сондай-ақ ол бұл шара алдағы уақытта жыл сайн өтіп тұратынын атап өтті.