Шындықты темірқазық еткен ақын
Шындықты темірқазық еткен ақын
358
оқылды

Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасында ақын, баспагер, ғалым, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Темірғали Көпбайдың 60 жылдық мерейтойына арналған «Баспагерлік-редакторлық шеберлік және кітап шығару ісінің мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті.

Жиынды журналистика факультетінің деканы, ғалым Сенсызбай Мәдиев жүргізіп отырды. Конференцияда Қазақстан жазушылар одағы төрағасы орынбасары ақын Бауыржан Жақып, ақын Әділғазы Қайырбековтер кеш иесінің шығармашылығына кеңінен тоқталып баяндама жасады.    width=
Одан кейін онлайн арқылы сөз алған профессор Жанғара Дәдебаев: «Темірғали ақынның темірқазығы шырылдаған шындықты айтуы», – деп баға берді.
Өзге де баяндамашылар ақын шығармашылығы жайлы жан-жақты пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, осы кеште қаламгердің «Сабан ақша» атты прозалық жинағының тұсаукесері болды.

Алматы