Күрделі сынықтарды емдейтін бірегей гидрогель
Күрделі сынықтарды емдейтін бірегей гидрогель
371
оқылды
Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы Вячеслав Огай бағаналы жасушаларды қолдану арқылы күрделі сынықтарды қалпына келтірудің бірегей технологиясын жасап шығарды. Ол сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын емдеуді жеделдететін гидрогель ойлап тапты. Арнайы технологияның арқа­сын­да операциядан кейін 3-6 ай ішінде сүйек және шеміршек тін­дері қалпына келеді. Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері препараттың тиімділігі жоғары екенін растады. «Сүйек ақауларын толықтай қалпына келтіру травматология мен ортопедиядағы күрделі және шешілмеген мәселелердің бірі болып қала береді. Емдеу үшін сүйек алмастырғыштарын қол­дана отырып, остеопластиканың әртүрлі әдістері жиі қолданылады. Бірақ бұл операцияның нәти­жесінде сүйек әрдайым толық қалпына келмейді. Біз сүйек ақау­ларының толық қалпына келуіне ықпал ететін технологияны жаса­дық. Бағаналы жасушалар мен табиғи биополимерлер зақым­далған сүйек немесе шеміршек тіндерін қалпына келтіру процесін жеделдетеді», – деді әзірлеме авторы, Ұлттық биотехнология ор­талығының бағаналы жасу­шалар зертханасының меңгеру­шісі, профессор Вячеслав Огай. Ғалымның айтуынша, гидро­гельдер сүйек тінін жасауда қаңқа ретінде қолданылады. Құры­лымында олар дәнекер тінінің негізіне ұқсас, сондықтан барлық биоматериалдар арасында жасуша трансплантациясы үшін ең қолайлы. Қазір алғашқы операцияларды бағаналы жасушалар негізінде гидрогель арқылы жүргізу жос­пар­ланып жатыр. Күрделі сынық­тар мен зақымдалған буындарды қалпына келтірудің бірегей тех­нологиясы травматология мен ор­топедияда көрсетілетін меди­циналық қызметтердің деңгейін айтарлықтай арттырады деп күті­ліп отыр. Препарат маман­дан­дырыл­ған ауруханалар мен ғылы­ми медициналық орта­лық­тарда қолданылады.