Айгүл Шайымова жаңа қызметке тағайындалды
Айгүл Шайымова жаңа қызметке тағайындалды
Фото: yandex.kz
226
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Айгүл Шайымова 1979 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген. 1999 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университетін үздік бітірген. 2004 жылы Қаржы полициясы академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы полициясы агенттігінің құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық халықаралық байланыс басқармасының ерекше маңызды істер жөніндегі кіші инспекторы, инспектор, аға инспекторы болып бастаған. 2002-2004 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы полициясы агенттігінің құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық агенттігінің құқықтық сараптама бөлімінің бастығы болды. 2004-2005 жж. – ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары. 2005-2011 гг. –  ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары. 2011-2012 жж. – Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі (Қаржы полициясы) басшысының кеңесшісі. 2012-2013 жж. – ҚР Бас прокурорының аға кеңесшісі, ҚР Бас прокуратурасы аппаратының ақпараттық-талдау басқармасына қарасты стратегиялық талдау орталығы басшысы. 2013-2014 жж. – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2014-2015 жж. – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің аппарат жетекшісі. 2016 жылдың 11 қаңтарынан 28 қыркүйегіне дейін – Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі. 2019 жылдың 28 қыркүйегінен 2019 жылдың 2 шілдесіне дейін –  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары. ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.