Қазынашылық комитеттің төрағасы өз еркімен қызметтен кетті

Қазынашылық комитеттің төрағасы өз еркімен қызметтен кетті

Әнуар Жұмаділдаев Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. 2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Әр жылдары ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды. 2017-2019 жылдары Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды. 2020 жылғы шілде айынан Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметін атқарған.