Әлқожа, «Музарт», Ғазизхан: Жетісайда 30 мың адам не үшін жиналды?

Әлқожа, «Музарт», Ғазизхан: Жетісайда 30 мың адам не үшін жиналды?

Әбдіжаппар Әлқожа ұлдарын сүндетке отырғызып, Жетісайда ұлан-ғайыр той жасады. Ел-жұртты шақырып, 30 мың адамдық көкпар ұйымдастырған. Бұл тойға “Музарт” тобынан бастап, Нұрболат Абдуллин, Еркін Нұржанов, Ғазизхан Шекербеков сияқты көптеген елімізге белгілі жұлдыздар қатысты. Әлеуметтік желіде Әбдіжаппардың әріптестері дүбірлі тойда түскен суреттері мен алған әсерлерін бөлісуде.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Әбдіжаппар Әлқожа Әбдіраззақ (@abdizhappar_khoja)

Соның бірі – Ғазизхан. "Жетісай өңірінде күндіз 30 мың халық жиналған көкпар тойың, кешке ұлдарыңа берген сүндет той құтты болсын. Бұл тойға да тілектеспін”, – деп әнші ақ тілегін білдірді. Әлқожа мен Мейіргүл – төрт баланың ата-анасы. Осы жолы Ахмад-Әли және Расул есімді екі ұлын сүндетке отырғызды. Оның үстіне, өнер иесі тойды ерекше датаға (22.02.2022) белгілеген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Әбдіжаппар Әлқожа Әбдіраззақ (@abdizhappar_khoja)