Жәнібек Әлімханұлы – Хайме Мунгия: WBO 10 күнде кездесудің уақытын белгілеуді тапсырды

Жәнібек Әлімханұлы – Хайме Мунгия: WBO 10 күнде кездесудің уақытын белгілеуді тапсырды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) жекпе-жекке шығатынын хабарлады. Екеуі  орта салмақта «уақытша» әлем чемпионы титулы үшін шаршы алаңға шықпақ, – деп жазады sports.kz.

WBO Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мен Мунгияның мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions-тің президенті Эрик Гомес хат жолдады.
«WBO World Championship комитеті екі тарапқа Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек үшін ұсыныс айтты. Екі тарап 10 күнде бір шешімге келіп, жауабын айтуы тиіс. Он күнде келісе алмаса, WBO талабы бойынша промоутерлік сауда жасалады. Орташа салмақтағы WBO үшін ең төменгі ақы – 200 000 доллар» делінген ресми мәліметте.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Мунгияның міндетті қарсыласы атанғаны туралы жазған болатынбыз.