Қазақтың әніне әлем жұлдыздары жаппай билеп жатыр
Қазақтың әніне әлем жұлдыздары жаппай билеп жатыр
362
оқылды

Жолдасбек Әбдіхановтың «Аш-аш» әніне әлемнің танымал жұлдыздары билеп, TikTok түсіріп, парақшаларында бөлісуде.

Тіпті, ресейлік әнші Клава Кока осы әнге билеген бейнежазбасын арнайы түсіріп, Иван Урганттың бағдарламасында көрсеткен екен. [caption id="attachment_185347" align="alignnone" width="1200"]жұлдыздар ©exk.kz[/caption] Бұл ән елімізде негізі үш жыл бұрын шыққан болатын. Бірақ желтоқсан айынан бастап ән TikTok-та кеңінен тарала бастады. Қазір «Аш-аш» әніне әлемнің жұлдыздары билеп, челендж бастап кетті. Оның арасында Италияның балет бишісі Витторио Сколле де бар. Челленджге әлем бойынша 187 мың адам қатысқан. Негізі ән қызға арналған. Себебі, жігіт сүйіктісіне барып, есік ашуын өтінгені жайында. https://www.youtube.com/watch?v=vEkv-aYpMr8