Алматылықтарға ескерту жасалды
Алматылықтарға ескерту жасалды
©24.kz
534
оқылды

Алматылықтар мен мегаполис қонақтарына таулы өзендер мен соқпақтарда қар көшкіні кезеңі басталатыны туралы ескертілді.

Қалалық ТЖД мәліметінше, Алматы мен облыстағы ауа райының жылынуына байланысты мегаполис етегінде орналасқан тауларда қар көшкіні жүру қаупі бар. Мамандардың айтуынша, 10 -11 наурыз күндері Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашын жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. «КазСелҚұтқару» ММ мамандары жүргізген аэровизуалды зерттеу барысында таулы аймақтарда серуендеуді ұнататындар жақын күндері мұқият болуын ескертті. «Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары аймақта, сондай-ақ орта таулы белдеуде тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты, қауіпті қар көшкіні болуы мүмкін. Қазір қар көшкінінің қауіпті 12 нүктесі анықталып отыр. Олардың қатарында туристер көп баратын Богданович мұздығы да бар. Барлық жерлерде «Абайлаңыз! Мұздықтың опырылуы мүмкін!», «Абайлаңыз! Қар көшкіні аймағы!» ескерту белгілері үш тілде жазылған. Соған назар аударуларыңызды сұраймыз»,-делінген Алматы қалалық ТЖД таратқан мәліметте.