Президент Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды
Президент Іс басқарушысының орынбасары  тағайындалды
Фото: inform.kz
197
оқылды
Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды. Маржан Әбдіюсупқызы 1971 жылы 19 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген (1999). Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының механика және машинатану институтының зертханашысы, шаруашылық меңгерушісі, кадр бөлімінің инспекторы (1991-1993); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің редакциялық-баспа бөлімінің маманы (1993-1995); Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің маманы (1995); Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Аумақтық даму бөлімінің маманы (1995-1997); Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің аға маманы, референті, аға референті, сарапшысы, аға сарапшысы, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі (1997-2012); Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары (2012-2021). 2021 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келді. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Президент Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.