Қоғамдық қабылдау шалғай ауылдарда болды
Қоғамдық қабылдау шалғай ауылдарда болды
289
оқылды
Жамбыл облысында «АMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдасты­руымен құрылған мобильді қоғамдық қабылдау жұмысы жалғасып жатыр. Мобильді қоғамдық қабылдау кеше Байзақ ауданында болды. Партия филиалдарының бас­шылары, облыстық филиал жа­нын­дағы Саяси кеңес мүшелері, бар­лық дең­гейдегі мәслихат де­путат­тарының және жергілікті ат­қарушы орган өкіл­дерінен құрал­ған топ аудан­ның Темірбек және Көктал ауыл­дық ок­ругтерін­дегі тұрғын­дардың ша­ғымы мен талап-тілегін тың­дады. Темірбек ауылдық округінің тұр­ғындары ауылдағы Ә.Жанқұ­лиев орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу, жаңадан медициналық амбулатория және мәдениет үйін салу, Шахан ауылына ауызсу жүйе­сін кіргізу, көшелерін жарықтан­дыру, спорт алаңшасын салу сияқ­ты мәселелерді көтерді. Ал Сары­барақ ауылының адамдары мектеп және балабақша салу, ауыз­су тарту, көше жарығын орнату және тағы басқа түйткілдер төңіре­гінде арыз­данды. Көктал ауылдық округінің хал­қы ауылдағы құрылысы тоқтап тұрған мектеп құрылысын қайта жандандыру, қайтарымсыз грант алу жолдары, ауыл көшелерін жа­рықтандыру, мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу, ауызсу­мен қам­тамасыз ету, егін суының жетіспеу­шілігі, сондай-ақ жер мен үй құ­жаттарын реттеу және басқа да арызын айтты. Мобильді қоғамдық қабыл­даудың өкілдері Байзақ ауданы ауылдық округтерінен 25 азаматтың өтінішін тыңдап, біршамасына қабылдау кезінде нақты жауабын берсе, қалған проблемалардың тізбесін жасап, партия бақылауына алды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, өтініштердің оңтайлы шешілуі бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады.