Қазгидромет Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Түнде Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең дала тұманды болады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жел соғады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, ал күндіз оңтүстігі мен солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.
Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Семей қаласында шығыстан жылдамдығы 15-18 м/с болатын жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының шығысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде оның екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.
8 сәуірде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіне тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Петропавл қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.
Түркістан облысының таулы аймағында найзағай ойнап, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.