Бағдат Сәмединова Түркияда ауруханада
Бағдат Сәмединова Түркияда ауруханада
1,409
оқылды
Әншілер оның отасына ақша жинап жатыр. Әлеуметтік желілерде осындай хабарландыру тарады. «Құрметті әріптестер! Құрметті қауым! Қазақтың аяулы қызы, жезтаңдай әншіміз Бағдат апай Сәмединованың денсаулығына байланысты шұғыл түрде қаржылай көмек көрсетуіміз қажет болып жатыр! Қазіргі уақытта 2-ші ай түрік елінде ауруханада ем алып жатқан Бағдат апайға операция жасалады деп күтілуде», – деп басталады хабарлама. Бағдат Сәмединованың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, оған қаржылай қолдау көрсетуге атсалысып жатқан  Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Майра Ильясова, Мейрамбек Беспаев, Ерғали Әбдірайымов сынды өнер адамдары бар. Көмекті ұйымдастырушылар осы әншілер бастаған елімізге сыйлы барша азаматтарға зор алғысын білдіреді. “Көп түкірсе көл”дейді қазақ! Шамамызша, қолдан келгенше, міндетті түрде көмек қолын созады деген сенімдеміз! Қасиетті айда әрбір садақаларыңыз қабыл болсын! Ораза айында  жасаған жақсылықтарыңыз Алладан еселеп қайтсын! Екі дүниенің жақсылығын тілейміз!», – деп жазылған хабарландыруда.