Қазақстаннан қанша адам шетелге көшіп кетті?
Қазақстаннан қанша адам шетелге көшіп кетті?
Фото: aqmolanews.kz
259
оқылды
Биыл қаңтар-ақпан айларында Қазақстаннан 3520 адам шетелге кетсе, елге 2869 адам көшіп келген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ТМД елдерінен келгендердің үлесі 87,3%, кеткендер – 79,2%.  Ал ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 12,6%-ға азайды. Ішкі көші-қон Нұр-Сұлтан (5 447 адам), Алматы (5 734 адам), Шымкент (776 адам) және Маңғыстау (7 адам) алдыңғы орында тұр. Бұған дейін Қазақстаннан ЖСН алған ресейліктердің саны 14 есе көбейгенін жазған болатынбыз.