Маңғыстауда итбалық қырылып жатыр – комитет
Маңғыстауда итбалық қырылып жатыр – комитет
Фото: smi24.kz
301
оқылды
Балық шаруашылығы комитеті Қаражанбас кен орнының су бөгеті аймағында итбалықтардың қырылуы себебі анықталып жатқанын хабарлады. Биыл 26 сәуірде әлеуметтік желіде ақпаратқа мониторинг жүргізу барысында, Каспий теңізінің жағалауында «Қаражанбас» кен орнының су бөгеті маңында өлі итбалықтардың 50-ге жуық ұшасы табылғаны туралы ақпарат анықталды. Оқиға орнына Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары барады.
«Бүгінде жауапты мемлекеттік органдар арасында 2021-2022 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес, су жануарларының жаппай қырылу және қауіп-қатерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылып жатыр», – деді комитет өкілі.
Облыстық құқық қорғау, табиғат қорғау органдарына, прокуратура, ветеринария, жергілікті атқарушы органға, экология және төтенше жағдайлар департаментіне жедел хабарланды. Кеше 22 өлі итбалық табылды. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балық қорғау инспекторлары бірнеше итбалықты, теңіз суы мен топырақтан сынама алды.