Дәмханада жасырын жұмыс істеген казино анықталды
Дәмханада жасырын жұмыс істеген казино анықталды
Фото: almaty.tv
207
оқылды
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, казинодан покерге арналған үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша тәркіленді. Қостанай қаласында дәмханада жасырын покер клубын ұйымдастырғандар сотталды. Агенттік аумақтық департаменттің қызметкерлері Қостанайдағы дәмханада жасырын покер клубының қызметін әшкерелеген. Мекемеден покер ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша табылды. Покер клубының ұйымдастырушысы мен сыбайластары ҚК-тің 307-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Олар 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.