Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
© exk.kz
243
оқылды
Еліміздің бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты тұтқында ұстау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды, – деп хабарлады Алматы қалалық соты. 
«Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 20 маусымға дейін тұтқында болады. Қамауда ұстау мерзімі Алматы қаласының ауданаралық тергеу сотының шешімімен тағы бір айға ұзартылды. Тұтқында ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 13 мамырда қабылданған болатын», – деді Алматы қалалық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Орынбасаров.
9 қаңтарда Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.