Референдум-2022: әкім, министрлер дауыс беру учаскесіне кімді ертіп келді?

Референдум-2022: әкім, министрлер дауыс беру учаскесіне кімді ертіп келді?

Бүгін Қазақстанда референдум өтіп жатыр. Референдум арқылы Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Жалпы, Қазақстанда 10 мыңнан астам референдум учаскесі жасақталған. Ондағы жұмыс таңғы жетіден кешкі 8-ге дейін жалғасады.  Жалпы референдумға қатысуға 12 миллионға жуық дауыс беретін азамат тіркелген. Референдумды 25 шет мемлекеттен және 11 халықаралық ұйымнан 272 халықаралық байқаушы бақылайды. Референдумға қатысқанын шенеуніктер де әлеуметтік желідегі парақшасына фотосын жарыса жариялап жатыр. Цирфлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де Instagram-да өзінің дауыс берген сәтінен баласы екеуінің фотосын жариялады. «Өзіміздің және келешек ұрпақтың болашағы үшін дауыс бердік», – деп жазды министр Бағдат Мусин.  

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Bagdat Mussin (@bagdatmussin)

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров таңғы сағат 7:00-де дауыс беру учаскесінде кезекте тұрғанын айтып, Facebook-те жазба жариялады.   [caption id="attachment_199833" align="alignnone" > Фото: А.Умаровтың Facebook-тағы парақшасынан скриншот[/caption] «Бәрінен ерте дауыс беремін деп жоспар құрдым кеше. Келсем, алдымда біраз адам жиналып қалыпты», – дейді ол. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан азаматы ретіндегі конституциялық құқығын пайдаланғанын айтты. «Референдумға қатысып, өз учаскемде дауыс бердім. Жалпы, дауыс беру процесі өте жақсы ұйымдастырылған. Сайлаушылардың белсенді қатысуына қарамастан, комиссия мүшелері жұмыстарын тиянақты істеп жатыр. 2022 жылғы 5 маусым Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің біріне айналатынына сенімдімін», – дейді Асхат Аймағамбетов. [caption id="attachment_199834" align="alignnone" > Фото: А.Аймағамбетовтың Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Алматы әкімі Ерболат Досаев әйелімен бірге келді. Олар Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 сайлау учаскесінде дауыс берді. «Бүгін біздің мемлекетіміз үшін және оның азаматы ретінде мен үшін өте маңызды күн. Бүгін еліміз өзінің болашағын айқындайды. Мен сайлау учаскесіне еліміздің болашағы, мемлекеттің бейбітшілігі мен гүлденуі, Алматы мен қала тұрғындарының бірлік-берекесі үшін дауыс беруге келдім», – деді Ерболат Досаев.   Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов дауыс беру учаскесіне келіп, дауыс берді. Сайлау учаскелерінде жұмыс істейтіндердің бәріне алғыс айтты. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды. «Бүгін тарихи күн. Ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс бердім. Осылайша азаматтық парызымды орындап, еліміздің одан әрі дамуы үшін өз дауысымды бердім. Бүгін сайлау учаскелерінде жұмыс істейтіндердің бәріне алғыс білдіремін», – деп жазды Алтай Көлгінов.