Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді
Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді
201
оқылды
Бүгін Қазақстанда референдум өтіп жатыр. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана опера театрында орналасқан дауыс беру учаскесінде референдумға қатысып, дауыс берді. Қазақстанда референдум арқылы Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.   https://youtu.be/8mzNIA6Qd1k Жалпы, Қазақстанда 10 мыңнан астам референдум учаскесі жасақталған. Ондағы жұмыс таңғы жетіден кешкі 8-ге дейін жалғасады.  Жалпы референдумға қатысуға 12 миллионға жуық дауыс беретін азамат тіркелген. Референдумды 25 шет мемлекеттен және 11 халықаралық ұйымнан 272 халықаралық байқаушы бақылайды.