Алматыға келген ресейліктер фонтан ішіне иттерін шомылдырып, дәрет сындыртқан
Алматыға келген ресейліктер фонтан ішіне иттерін шомылдырып, дәрет сындыртқан
© әлеуметтік желіден алынды
2,079
оқылды
"ДАТ" басылымының жетекшісі, журналист, қоғам қайраткері Ермұрат Бапи Алматы қалалық Полиция департаментіне үндеу жасады.  Белсендінің айтуынша, Алматыға келген ресейліктер фонтанға иттерін шомылдырып, ішіне дәрет сындыртқан.
“Ресейден келген мынау орыстардың иттігіне Алматы қалалық Полиция департаменті шұғыл реакция жасауы керек! Киім киістері мен жүрістеріне қарағанда, Ресейден келген мына орыстар Республика алаңындағы фонтанға иттерін шомылдырып жүр. Шомылдырғанды қойып, иттерін су ішіне тыштырып тұрғанын көріп (фотоға түсіріп үлгермедім): "Мынауың не иттік?! Бұл фонтанға балалар шомылады ғой!" десем, менің өзімді "пнх" аттандырып жібергені. Жыным келіп, жағасынан ала кетейін деп едім, иттері қабаған екен,  босатып жіберсе маған тап беретін түрі бар. Содан Ресейден Қазақстанға қашып келген сасық орыстың қылығы ашуымды қысып, дәрменсіз күйде отырмын. Бұл иттікке не істеуге болады? Қаланың бас алаңындағы фонтанға иттерін тыштырған орыстардың бұл есуастығы мен басынуын ауыздықтау керек! Әдетте митинг пен пикетке шыққан азаматты алыстан аңдып, қамауға алуға команда беретін қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевты да тегтеуді сұраймын!”, – деп жазды белсенді әлеуметтік желіде.