Түркістан, Қызылорда облыстарында нөсер жаңбыр жауады
Түркістан, Қызылорда облыстарында нөсер жаңбыр жауады
Фото: Интернеттен алынды
250
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Шығыста және солтүстік-батыста аздаған қар жауады. Солтүстік пен батыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман түсіп, бұрқасын соғады, жел күшейеді. Жамбыл облысында жел күшейіп, жылдамдығы 30 м/с жетуі мүмкін. Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-ке дейін жетеді. Түркістан облысының күндіз кей жерлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Кейбір жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 24-29 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз қар жауып, бұрқасын күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 18 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.