Тоқаев цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселесіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
Тоқаев цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселесіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
Фото: bugin.kz
446
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін Президентке есеп берген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин биыл 140 ауылда интернеттің сапасын жақсартамыз деген еді.