Бостандықтың қадірін пара алғанда білерсің
Бостандықтың қадірін пара алғанда білерсің
175
оқылды
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департа­мен­­тінің басшысы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдік­ке ілініп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Аты­­рау облыстық мемле­кет­­тік кірістер департа­мен­ті­нің басшысы Қай­рат Жол­мұ­хамбетовті ұс­тау ке­зін­де түсірілген бейне­жаз­баны жариялады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бас­пасөз қызметінің ақпара­ты­на сүйенсек, департамент басшысы жүйелі түрде па­ра алды деп күдіктелуде. Бі­­рінші жағдайда – өзіне ба­ғы­нышты тұлғадан оны қыз­­метте көтермелеу және жал­пы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ дол­­ларынан 3 мың АҚШ дол­­ларын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсі­­бін салықтық тексеріссіз жа­буға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған деп айып тағылып отыр. Лауазымды тұлғаға қа­тыс­­ты іс өткен жылдың  жел­тоқ­сан айында басталған бола­тын. Қазіргі күні тер­геуге де­йінгі қамауда отыр­ған де­пар­тамент бас­шы­сының тағ­ды­рын енді сот шешеді.   Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,                                                                                                                                   Атырау облысы