Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады
Фото: Интернеттен алынды
313
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, оңтүстік, оңтүстік-батысы мен батысында жауын-шашын болады. Орталық, шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, күшті жел соғады. Оңтүстік-батыста жел екпіні 30 м/с асады. Жамбыл облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел жылдамдығы 15-20, түнде 23-28 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында жел қарқыны 30 м/с асады. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Көктайғақ болады. Жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің күші – 15-20, кей жерлерде – 25 м/с. Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі. Жел екпіні – 15-20, 25 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Жел қарқыны күндіз 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші – 15-20 м/с. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны – 18-23 м/с. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының түнде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысында жел екпіні – 18 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында – 15-20 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі. Ақтөбе облысының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түседі.