Майк Помпео Қазақстанда коронавирусқа қарсы инфрақұрылым қалыптаспағанын айтты
Майк Помпео Қазақстанда коронавирусқа қарсы инфрақұрылым қалыптаспағанын айтты
© MFA Qazaqstan
5,194
оқылды
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстан мен Өзбекстанда коронавирусқа қарсы инфрақұрылым қалыптаспағанын айтты, - деп хабарлады Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап. Ол бұл мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіріп, кейбір жерлерде коронавирусқа қарсы тиісті инфрақұрылым қалыптаспағанын атап өтті.
"Мен Қазақстан мен Өзбекстанда болдым. Қытаймен шекаралас аудандарда коронавирус сияқты қауіпті дертпен күресуге мүмкіндік жоқ", - деді Майк Помпео ұшақ бортында журналистерге.