1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Фото: akorda.kz
524
оқылды
Таяуда, яғни 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Мәжіліс Төрағасы  Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған ресми құжатта.