16 ақпан күні төрт облыста дауылды ескерту жарияланды.
16 ақпан күні төрт облыста дауылды ескерту жарияланды.
© Сурет ғаламтордан
263
оқылды
Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі,көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан  соққан жел батысқа ауысып, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдыққа дейін ұйтқиды. Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ойысып 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысында күндіз аумақтың басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран болады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с. Ақмола облысында дауылдың ықтималдығы 85-90% — ды, басқа аймақтарда-90-95% - ды құрайды.