Каспий теңізінде жер сілкінді
Каспий теңізінде жер сілкінді
© Сурет ғаламтордан
5,418
оқылды

Каспий теңізінің акваториясында магнитудасы 4,3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы сейсмологиялық қызметтің республикалық орталығы хабарлайды.

Жер сілкінісі 62 шақырым тереңдікте тіркелді.

Жер асты дүмпулері жағалаудағы аудандарда орналасқан елді мекендерде үш баллға дейін сезілді.