Шымкентте психиатриялық аурухана қызметкерлері науқастың туыстарын іздестіруде
Шымкентте психиатриялық аурухана қызметкерлері науқастың туыстарын іздестіруде
© Сурет otyrar.kz сайтынан
213
оқылды
Шымкентте психиатриялық аурухана дәрігерлері 60 жастағы науқастың туған-туыстары мен таныстарын іздеуде, деп хабарлайды Оtyrar.kz. Түскен кезде дәрігерлер оның ақыл-есінің кемдігін анықтайды, бірақ оның туыстары таба алмаған. Бұл ауруханаға пациент қаңтар айының басында "жедел жәрдем" арқылы жеткізілген. Егде жастағы ер адам жалғыз өзі қала көшелерін кезіп, оқыс қылықтар көрсеткен. Дәрігерлер келіп түскен кезде оның ақыл-есінің кемдігін анықтады. Бұған дейін ол психдиспансерде есепте тұрмағаны да белгілі болды. Науқастың аты-Александр Кудашов. Дәрігерлер оны туыстары мен достары туралы сұрай бастаған кезде Александр оларды атай алмады. Сұрақтарға түсініксіз жауап береді. Ол тек өзінің аты мен тегін атады. Полицияда ер адамның жеке басын растады. Қазіргі уақытта ол еш жерде тіркелмеген. Деректер базасында бұрын тұрған ескі мекен-жай көрсетілген. Бірақ жергілікті тұрғындар Александрды танымайтынын мәлімдеген. "Біз полиция арқылы ол 2018 жылы Қатын көпір ықшамауданы, Спатаев көшесіндегі тіркеуден алынып тасталғанын анықтадық. Біз сонда бардық, көршілеріне көрсеттік. Бірақ оны ешкім білмейді. Ол шіркеуде өмір сүреді деп айтты. Біз бірнеше шіркеуге барып, іздедік. Бірақ ол жақта да ешкім танымайтын болып шықты", - дейді Шымкент қаласының психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі Сухраб Абдукадыров. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Ол жақындары табылғанша емдеу орнында қала бермек. Александр қоғам үшін ешқандай қауіп жоқ, дейді дәрігерлер. Дәрігерлер Александр Кудашовты танығандар болса шұғыл түрде  Қалалық психикалық денсаулық орталығына хабарласуды сұрайды.