Сейфуллин Жолбарыс 94 жастағы анасын келіншегі Екатерина бағып отырғанын айтты
Сейфуллин Жолбарыс 94 жастағы анасын келіншегі Екатерина бағып отырғанын айтты
1,755
оқылды
Әнші Сейфуллин Жолбарыс 94 жастағы анасын келіншегі Екатерина қарап отырғанын сөз етті. Оның айтуынша, келіншегі қазақ мектебін бітірген, қазақша да таза сөйлейді. – Бұл әулетке келін болғаныма 15 жылдан асты. Енем жасы 94-ке келсе де  әлі тың. Коттеджде тұрамыз, соның екінші қабатына өзі шығып, түседі, – дейді  Екатерина. Оның айтуынша, енесімен әй-шәйсіз, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. – Ол менің – ұстазым. Көп нәрсені үйретті. Ең әуелі  халық әндерінің нақышын келтіріп, бойыма сіңірген сол кісі. Қазақтың қанатты сөздерін де, мақал-мәтелін де енемнен тоқыдым. Тіпті, қазір бешбармақты да, палауды да, бауырсақты да, наурыз көже мен бидай көжені де пісіріп бере аламын. Әйтпесе, менің де мінезім бар. Бірақ енемнің қасында жым боламын, – дейді Сейфуллин Жолбарыстың келіншегі Екатерина. https://www.youtube.com/watch?v=n1AjkCpPqfY