Елімізде алдағы күндері қар мен боран бәсеңдейді
Елімізде алдағы күндері қар мен боран бәсеңдейді
© сурет интернеттен алынды
294
оқылды
"Қазгидромет" РМК 20-22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Атлантикалық циклонмен байланысты жылы атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік жартысы арқылы өтіп, барлық жерде қардың жаууын және боран, сондай-ақ ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауын тудырды. Түнгі ауа температурасы 0...минус 5°С-қа дейін көтерілді. Алдағы тәулікте фронттардың әсері әлі сақталады, содан кейін олар Батыс Сібірдің оңтүстігіне кетеді. Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым аясында болады, сондықтан келесі күндері қар аз, тек республиканың жеке аудандарында ғана күтіледі.