Кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды штабы қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр
Кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды штабы қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр
197
оқылды
Қазақстан Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды штабы қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір еліміздің бірқатар өңірінде жергілікті штабтар өз қызметін бастады. Көшелерге плакаттар ілініп, азаматтарға үнпарақтар таратылып, жергілікті халықпен, ұжымдармен кездесулер белсенді түрде өтіп жатыр. Мәселен, Атырау облысында жол жиегіне үлкен билбордтар орнатылып, өңірлік штаб күнделікті жұмыс істеп жатыр. Жамбыл облысында жергілікті штаб басшысы колледжде оқытушылар және студенттермен кездесулер өткізді. Маңғыстау облысында сүт зауытының жұмысшыларымен, Мұнайлы ауданындағы аурухана дәрігерлерімен, құрылыс компаниясының қызметкерлерімен кездесулер жоспарланған. Басқа өңірлерде де кездесулер ұйымдастыру, үгіт материалдарын тарату жұмыстары жалғасуда. Еске салайық, 26 қазанда үміткер сайлау науқаны аясында аймақтарды аралай бастады. Ол Қарағанды ​​облысына бірінші болып барып, құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, магистранттармен, сарапшылармен, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға атсалысқан түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, сотталғандармен кездесті. Халықтың әртүрлі әлеуметтік осал топтарының өкілдерімен кездесіп, олардың мүдделеріне қажет шараларды талқылады. Кейінірек ол тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін дағдарыс орталығында әйелдермен сұхбаттасуға барды. 27 қазан күні құқыққорғаушы Ақмола облысына барып, дәрігерлермен дағдарыс орталығында кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 31 қазанда ол Шымкентке барып, тігін фабрикасының және қалалық адвокаттар алқасының қызметкерлерімен кездеседі.