Мейрам Қажыкен Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының жұмысшыларымен кездесті

Мейрам Қажыкен Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының жұмысшыларымен кездесті

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкеннің сайлауалды үгіт-насихат науқаны жалғасуда. Осы жолы үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілері жайлы баяндап, кейбір басым бағыттарына толығырақ тоқталып өтті. Үгіт-насихат жұмысы аясында Мейрам Қажыкен жаңадан құрылған Ұлытау облысына барды. Мұнда кандидат Қ.И.Сәтбаев атындағы (Kazakhmys корпорациясы құрамына кіреді) Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының еңбек ұжымымен кездесті. Сондай-ақ ол еліміздегі ең ірі салалық кәсіподақтардың бірі «КәсіпҚорған» мүшелерімен кездесу өткізді. Ұйым құрамында тау-кен металлургия кәсіпорындары мен аралас өндіріс орындарының қызметкерлері бар. Үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілері жайлы баяндап, кейбір басым бағыттарына толығырақ тоқталып өтті.