Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасын тапты
Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасын тапты
377
оқылды
Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасты. Алғашқы аялдама «Семей инжинеринг» зауыты болды. Айта кетейік, бұл кәсіпорын 1987 жылы  ашылған. Содан бастап 2004 жылға дейін  «бронды жөндеу зауыты» деп аталған. Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында кандидат экономикалық реформалардың бір бөлігі ретінде ең төменгі жалақыны қалыптастыру тақырыбына толық тоқталды. «Бүгінде ең төменгі жалақының қалай анықталатыны белгісіз. Жалақыны индекстеуді ашық етіп қана қоймай, ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) дамыған елдерінің деңгейіне жеткізуді ұсынамын. Тиісінше, ЕТЖ 60 мың теңгені емес, кем дегенде 150 мың теңге жалақы алуы керек», – деді Мейрам Қажыкен.