Болат Бақауов денсаулығына байланысты үй қамақта отырады
Болат Бақауов денсаулығына байланысты үй қамақта отырады
Фото: Интернеттен алынды
255
оқылды
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үй қамақта отыратын болды, – деп жазады 24.kz. Оған себеп, сотқа дейінгі бұлтартпау шарасын қайта қараған сот осындай шешім шығарған. Басты себебі, Болат Бақауовтың денсаулығы сыр берген. Оған қоса, екі ай мерзімге қамауға алу жөніндегі санкцияны өзгертуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілері де сұрапты. Еске сала кетейік, 49 жастағы Болат Бақауов «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген күдікпен осы жылдың 17 қаңтарында ұсталып,  екі айға тергеу изоляторына қамалған. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, экс-әкімнің туысына тиесілі компания 200 млн теңге салық төлемей, міндетінен жалтарып, табысын жасырған. Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің маманы Маржан Құрманғалиева: «Бұған дейін прокурор «Бақауов бостандықта жүріп қылмыстық іске қатысты тергеу процесіне кедергі келтірді» деген болатын. Қамауды үй қамаққа ауыстыру Болат Бақауовтың Павлодар облысы әкімі қызметінен босауына байланысты қабылданды. Қазір экс-әкімнің ықпалы аз, маңызды құжаттарды пайдаланып немесе өзгерте алмайды. Оған қоса, қамауда отырған Бақауовтың халі нашарлаған соң үй қамаққа шығарылып отыр», – деді.