Мейрам Қажыкен медициналық сақтандыру жүйесін дамыту қажет екенін сөз етті
Мейрам Қажыкен медициналық сақтандыру жүйесін дамыту қажет екенін сөз етті
706
оқылды
Ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің өңірлердегі үгіт-насихат жұмыстарымен Өскемен қаласына барып, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының, Диагностикалық орталығының медицина қызметкерлерімен жүздесті. Сол жерде мемлекеттік қаржыландырумен қоса, ерікті медициналық сақтандыру жүйесін дамыту қажет екенін сөз етті. Мейрам Қажыкен сөзі барысында жалақының ұлттық жүйесі жайына тоқталып, бұл бағыттың әлі де өзекті екенін қозғады. Өйткені көпшілік үшін бұл "жұмбақ" болып келеді. «Қазіргі жалақы жүйесі өте күрделі. Қанша алатыныңызды түсіну үшін бір нәрсені бөліп, көбейту керек. Олай дұрыс емес. Жалақы жүйесі бәріне түсінікті және қарапайым болу керек. Сондай-ақ өз еңбегіңізге лайықты ақы төленуі тиіс. Және ол қаражат сіздің бар шығыныңызға, қажетіңізді сатып алуға, тіпті саяхаттауға да жетуі керек. Бұл сөзге көптеген адам күмәнмен қарайтынын білемін. Бірақ бұл жетуге болатын және жететін нәтиже. Егер нәтижесін болса бұл мәселені көтермес едім», – деді кандидат. Айта кетейік, кандидат өз бағдарламасында медициналық персоналдың тапшылығын жоюды, дәрігерлердің әлеуметтік әлеуетін арттыруды, олардың жалақысын ұлғайтуды, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесін, еңбек жағдайларын жақсартуға басымдық береді. Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті кәсіподақ басшысы кандидатқа алға қойған мақсаттарына қол жеткізіңіз деп табыс тіледі.