Майра Мелдебекова БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Майра Мелдебекова БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды
268
оқылды
Майра Мелдебекова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды  primeminister.kz. Ол 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Физика және информатика оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда облысындағы «Жас сұңқар» пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған. 1993-2005 жылдары Шымкент қаласы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының орта мектептерінде қазақ тілі, математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 2005-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. 2018 жылдан бастап Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.