«Nur Otan» партиясы Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелерді бақылауға алды
«Nur Otan» партиясы Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелерді бақылауға алды
222
оқылды
«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Павлодар облысында болған жұмыс сапарында Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелермен танысты.  width= Атап айтсақ, өңір әкімімен бірге ерекше қамқорлықты қажет ететін 138 бала тәрбиеленіп жатқан «Алтынай» арнайы балалар үйінің ғимаратын көрді. Соңғы рет мұнда күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын жасалған екен. Ғимараттың шатыры, қасбеті және жылу жүйесі қазір апатты жағдайда.
Ата-аналармен болған кездесуде партия төрағасының бірінші орынбасары балаларды қолдау мен құқығын қорғау «Nur Otan»-ның негізгі жұмыстарының бірі екеніне тоқталып, осы мәселені шешу үшін барлық іс-шаралардың қабылданатынын атап өтті.
Одан әрі Бауыржан Байбек Екібастұздағы «Nur Otan»-ның қоғамдық қабылдауында болып, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады. Қаралған мәселелердің ішінен ол құдықтың ауыз суын пайдаланып жүрген Сарықамыс ауылының 450 тұрғынының өтінішін партиялық бақылауға алды. Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуді жүргізу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.  width= Сондай-ақ партия төрағасының Бірінші орынбасары әлеуметтік және еңбек құқығы саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды талқылау үшін Екібастұздағы ГРЭС – 1 жұмысшылары және өңірдегі тау-кен өндірісі кәсіподақтарының өкілдерімен жүздесті.